11 сәуір 2023 13:05

Алматыда қар көшкіні туралы ескерту жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/kazselezashita Фото:instagram.com/kazselezashita

Құтқарушылар алматылықтарға еріген қар көшкіні қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құтқарушылар алматылықтарға еріген қар көшкіні қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, қазір "ылғал" қар көшкіні жүріп жатыр. Мұндай қар көшкіні астында қалғандардың іс жүзінде тірі қалуға мүмкіндігі жоқ.

"Синоптиктер мәліметі бойынша, Алматы тауларында жауын-шашынға байланысты қардың 60 сантиметрден жоғары көтерілуі байқалады, мамандар қар көшкіні қаупінің жоғары (қызыл) деңгейін белгіледі. Кейінгі екі күнде ғана Алматы тауларында жалпы көлемі шамамен 50 мың текше метр болатын 10 қар көшкіні жүрді", - делінген хабарламада.

"Қазселқорғау", Алматы қаласы ПД және Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен бақылау бекеттерін орнату арқылы халықтың кіруін шектеу бойынша шаралар арқасында зардап шеккендер жоқ. Көшкіндердің басым бөлігі тау баурайында тоқтады, ешқандай шығын болған жоқ.

"ТЖД және "Казселқорғау" алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына "Қазгидромет" РМК болжамына байланысты таулы жерлерде серуендеуден бас тартуды қатаң түрде ұсынады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети