1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда карантин кезінде жасөспірімдер мен шетелдіктер рестобарға барған

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда карантин кезінде рестобар жұмыс істеген. Мұнда түн ішінде келушілердің қатарында жасөспірімдер мен шетелдіктер бар, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орналасқан барды полицейлер түнде анықтаған. Ішінде 10 қызметкер және 12 қонақ болған. Қонақтардың екеуі - 13 жастағы ұлдар. Олардың біреуі даяшы болып жұмыс істеген, екіншісі ересек жастағы достарымен қонақ болып келген.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамағаны үшін 22 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 4 476-бабының 6-бөлігі бойынша айып тағылды. 

Оқушылардың ата-аналары да жауапқа тартылды.

"Рестобар қызметкерлерінің арасында шетел азаматтары да бар: үшеуі Өзбекстаннан келген. Олар да еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды", - деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Мекеменің басшысы да жауапқа тартылған.

"Бар түрлі қызмет көрсеткен. Екі қабат ғимараттың ішінде біреулер құмар ойындар ойнаған, 

біреулер билеген, ал кейбіреулер тәттілер жеген", - дейді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!