13 мамыр 2021 15:17

Алматыда қауіпсіздік шараларын сақтамаған құрылысшыларға айыппұл салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматылық құрылысшыларға қауіпсіздік техникасын сақтамағаны үшін айыппұл салынады. Бұл туралы қалалық бақылау басқармасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық құрылысшыларға қауіпсіздік техникасын сақтамағаны үшін айыппұл салынады. Бұл туралы қалалық бақылау басқармасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қазір қала бойынша құрылыс нысандары тексеріліп жатыр.

"Қала әкімі тапсырмасы бойынша құрылыс барысын бақылау күшейтілді. Бірінші кезеңде салынып жатқан бүкіл 84 тұрғын үй кешені бірқатар критерий бойынша тексеріледі. Анықталған заңсыздықтарды жою ескертілді. Құрылысшылармен әңгіме жүргізілді, мәселе бақылауда", - деді әкімдік өкілі.

Ведомство мәліметі бойынша, бұған дейін ӘҚБтК-нің 312-бабы бойынша Investment Building Company, "Самұрық, Барлас құрылыс", Sheberbuild, Exclusive construction, "Риголит", Salavat stroy, "Диал-строй", "АСИ-строй", Asia Stroy-ST, Kaz Engineer system, "Крафтин строй", Nest stroy, Energy art stroy, "Жаннат Строй", "Сонита строй" және басқалары жауапқа тартылған.

"Қауіпсіздік техникасы бойынша құрылыс кезінде нысандар қоршалуы тиіс, жұмыстың түрлі кезеңдерінде қорғаныс торлары, қорғау-ұстау жүйесі пайдаланылуы тиіс. Құрылысшылар өз кезегінде арнайы киіммен, оның ішінде сақтандыру белдіктерімен қамтамасыз етілуі тиіс", - деді баспасөз қызметі өкілерді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети