1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда қай жастағы адамдардан коронавирус жиі анықталады? 27 қараша 2020, 15:17

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қай жастағы адамдар короновирусты жиі жұқтыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қай жастағы адамдар короновирусты жиі жұқтыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, әрбір эпидемиологиялық тергеуде КВИ жұқтыру орындары анықталған:

  • қоғамдық орындар (түнгі клубтар, тамақтану орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар) - 33,7 пайыз;
  • үй жағдайында жұқтырғандар - 28,7 пайыз;
  • қалалық көлік - 18,5 пайыз;
  • жұмыс орны бойынша  - 13,1 пайыз;
  • шетелден алып кіргендер- 3,5 пайыз;
  • 2,1 пайызының жағдайы анықталмаған.

Коронавирусты үйге 20-39 жас аралығындағы адамдар жиі әкелетіні де хабарланды.

"Коронавирус жұқтырып, ауырып қалған науқастардың жас топтары арасында белсенді жас 20-дан 39 жас аралығында. Бұл жоғарыда аталған мекемелерге баратын жастар, демек жұмысқа барар жолда, қоғамдық орындарда болғанда инфекцияны жұқтырып үйге алып келгендер", - деді Бекшин.

1 қазаннан 26 қарашаға дейін коронавирус жұқтырғандардың жас мөлшері:

14 жасқа дейін - 125 бала (8,4 пайыз);

15-19 жас - 59 адам (4 пайыз);

20-29 жас - 187 адам (12,6 пайыз);

30-39 жас - 316 адам (21,2 пайыз);

40-50 жас - 277 адам (18,6 пайыз);

51-59 жас - 175 адам (11,8 пайыз);

60-69 жас - 212 адам (14,2 пайыз);

70 жастан жоғары - 137 адам (9,2 пайыз)

"Онлайн режиміндегі оқушылар арасында сырқаттанушылықтың өсуі және отбасы мүшелерінің инфекциясы, ең алдымен, түнгі клубтарға тұрақты келушілер болып табылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!