04 мамыр 2022 13:17

Алматыда ҚДСБ басшысының орынбасарын қызметінен босату ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматының бас дәрігері орынбасарын қызметінен босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматының бас дәрігері орынбасарын қызметінен босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали туралы болып отыр. Өткен айда оның басы дауға қалған болатын. Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жоғары лауазымды тұлғаның теріс қылықтары қаралды.

"Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлеріне қатысты жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижелері мемлекеттік қызмет беделін түсіретін теріс тәртіптік қылық және этикалық заң бұзу барын көрсетті.

Кеңес мүшелерінің шешімі бойынша, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Лаура Мырзағалиға қатысты қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Табынбаевты Әдеп кодексін бұзғаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды", - деді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Екі лауазымды тұлғаға қатысты тексеріс нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданған, олар өз құзыреті шегінде тиісті шараларды қабылдауы қажет.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйлықақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған болатын. Осыдан кейін Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тексеріс басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети