05 сәуір 2021 15:34

Алматыда клуб карантин ережесін үш рет бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

2021 жылдың 4 сәуірінен 5 сәуіріне қараған түні Алматыда мемлекеттік бас санитария дәрігері белгілеген карантин шектеулерінің 9 рет бұзылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2021 жылдың 4 сәуірінен 5 сәуіріне қараған түні Алматыда мемлекеттік бас санитария дәрігері белгілеген карантин шектеулерінің 9 рет бұзылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласында карантинді бұзғандарды анықтау және оның алдын алу шарасы бойынша 40 мониторингтік топ жұмыс істейді. Өткен тәулікте белгіленген шектеулерді бұзған 9 нысан анықталды. Оның 8-і мейрамхана, дәмхана мен дүкен және біреуі - сауна. Сонымен қатар, 55 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

"19 наурыз бен 5 сәуір аралығында белгіленген шектеулерге қатысты барлығы 457 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде:
• Алатау ауданы бойынша - 15;
• Алмалы ауданы бойынша - 90;
• Әуезов ауданы бойынша - 79;
• Бостандық ауданы бойынша - 74;
• Жетісу ауданы бойынша – 36;
• Медеу ауданы бойынша - 61;
• Наурызбай ауданы бойынша – 32;
• Түрксіб ауданы бойынша - 56 факт.

Оның ішінде 299 мейрамхана, дәмхана мен дүкен, 68 компьютер клубы, 12 бильярд клубы, 37 СПА-салон, 21 сауна, 2 кальян бары, 11 караоке клубы, 3 лото клубы, 5 түнгі клуб. 2 410 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

2021 жылдың 3 сәуірінде Алмалы ауданының мониторингтік тобы "Физика" клубының нормативтік талапты бұзғанын анықтады. Клуб жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған. Клубтың осымен үшінші рет тәртіп бұзғаны анықталды. Бұған дейін сот шешемі бойынша клубтың жұмысы 1 ай мерзімге тоқтатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети