Алматыда қоғамдық көлікте кішкентай бала кондуктор болған

12 Шілде 2017, 17:32
0
Алматыда қоғамдық көлікте кішкентай бала кондуктор болған -

Алматы тұрғыны № 79 бағытында жүретін автобустың кондукторы болып қызмет етіп жүрген кішкентай баланы видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео 11 шілдеде кешкі уақытта түсірілген. Бала жолаушылардан ақша алып, билет беріп жүрген, сонымен қатар автобус бағытына қатысты кеңес берген. 

Айта кетейік, "Еңбек кодексіне" сәйкес, жұмыс істеуге 14 жастан бастап қана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, баланың ата-анасымен, қамқоршысымен де келісімшарт жасалуы керек. Алайда, куәгерлердің айтуынша, баланың жасы 14-ке де келмеген. 14 жасқа толмаған балалармен келісімшарт тек кинематография, театр, театрланған және концерт шаралары мен циркке қатысты ғана толтырылады. 

Өз кезегінде Green bus ЖШС директоры Бауыржан Құлышев осы мәселені тәртіптік кеңесте көтерілетіні туралы айтты. 

"Шешім қабылдаймыз. Егер жүргізушінің бұрындары да ереже бұзғаны анықталса, жұмыстан шығарамыз. Егер жоқ болса, тек сөгіс жариялаймыз. Қазір біз автобустарда балалардың болмауы үшін бұйрық дайындап жатырмыз. Кей кездері ересектер жұмысқа шыға алмаған кезде жүргізушілер балаларды көмекке алады. Оларда да амалсыз жағдайлар болады", - деді ол.

Құлышевтың айтуынша, автопаркте ресми түрде тек 30 адам кондуктор болып қызмет етеді. Қалғандары келісіммен жұмыс істейді, олар жоспарды орындағанда үстінен түскен қаражатқа жұмыс істейді. 

"Оларды жүргізушілердің өзі шақырады. Кондукторлар жоспарды өткізеді, ал қалғанын өзіне алады. Ал біздің кондукторлар жалақы алады. Біз барлық жұмыспен қамту орталықтарына хабарландыру бердік, алайда келушілер тым аз", - деді Құлышев. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай