22 тамыз 2020 11:39

Алматыда көлігінен шығатын газ қалдықтары нормадан асқан жүргізушілерге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы ауасының 52 пайызын автокөліктер ластайды. Экологиялық ахуалды реттеу үшін қалада "Таза ауа" атты рейд шаралары басталды. Жоба аясында полиция қызметкерлері мен экологиялық инспекторлар көліктерден бөлінетін қалдықтың көлемін арнайы құралмен тексереді. Стандарт бойынша бір транспорт қанша газ бөлуі керек? Нормадан асу фактісі анықталған тұлпар иелері қанша айыппұл төлейді? Бұл туралы Almaty.tv тілшісі баяндап берді.


Алматы ауасының 52 пайызын автокөліктер ластайды. Экологиялық ахуалды реттеу үшін қалада "Таза ауа" атты рейд шаралары басталды. Жоба аясында полиция қызметкерлері мен экологиялық инспекторлар көліктерден бөлінетін қалдықтың көлемін арнайы құралмен тексереді. Стандарт бойынша бір транспорт қанша газ бөлуі керек? Нормадан асу фактісі анықталған тұлпар иелері қанша айыппұл төлейді? Бұл туралы Almaty.tv тілшісі баяндап берді.

Үш күн бұрын басталған шара барысында 210 көлік тексеріліп, 50-ден астамы нормаға сай келмейтіні анықталды. Ақау табылған көлік иелері 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Шамадан тыс қалдық бөлу деректерінің басым бөлігі жүк көліктеріне тиесілі болып отыр. Мұндай көліктерде қауіпті техникалық ақау болуы мүмкін, дейді мамандар.

"Біз автомобильдердің нормадан асып кету фактісін анықтағанмен, себептерін анықтай алмаймыз. Сол себепті автомобиль жүргізушілерін көліктеріне уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және де профилактика жасауға шақырамыз", - деді қалалық Экология департаментінің бас маманы Алмат Әлқожа.

Бүгінде көліктердің басым бөлігі жанармаймен жүретіні белгілі. Экологтар бір тонна бензин жанған кезде ауаға 800 келі зиянды қоспа бөлініп шығатынын айтады. Белгіленген норма бойынша бір көлік қозғалтқыш түріне қарай 40-50 пайыздан артық қалдық газ бөлмеуі керек.

Дизель отынын тұтынатын көліктердің ауаны ластаудағы зияны жанармайдан әлдеқайда көп. Қалалық экология департаментінің өкілдері алып шаһардағы атмосфераның бұзылуын сапасыз дизель отыны және көліктердің тозығы жеткендігімен тығыз байланыстырады. Салдарынан 100-ден астам зиянды қалдықтар таза ауаға тарап, адам денсаулығына қауіп әкеледі екен. Сондықтан экологтар жүргізушілерден жанармайдың сапалы түріне көшуді сұрайды.

"Дизель отын дегеніміз ол бензиннің, мұнайдың қалдықтарынан жасалған. Мұнай қалдықтарынан өндірілген өнім болғандықтан, лас заттар көп бөлінеді", - деді қалалық Экология департаментінің  маманы Гүлмира Сәрсебаева.

Ресми деректерге сүйенсек, мегаполисте күніне 700 мыңдай көлік қозғалады екен. Оның ішінде қалада тіркелгені 530 мың болса, қалғаны облыс аумағынан келеді. Мониторинг өкілдері рейд шараларын тұрақты түрде өткізуді көздеп отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети