Алматыда көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектелді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан бастап, Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс жабылады. Көлікпен даңғылдың солтүстік жағымен жүруге болады, мұнда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

"Батыс және шығыс бағыттағы жолақ санын патрульдік полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайға байланысты реттейді. Учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді. Реверсивті қозғалыс басталар алдында шығыс және батыс жақта көлік ортасын бөлетін темір қоршау орнатылады", - делінген хабарламада.

12 тамыз сағат 8:00-де Рысқұлов даңғылынан Күдерин көшесіне және Солтүстік айналма көшесінен шығыс бағытқа бұрылатын жолдар ашылады.

12 тамыз сағат 12:00-де Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына шығыс бағытқа бұрылатын жол ашылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer