1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда коронавирус жұқтырғандар бір рейспен келген

Фото: miamiherald.com Фото: miamiherald.com

Алматыда коронавирус жұқтырғандар бір рейспен келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін анықталған бірінші пациент 1997 жылы туған. Ол 27 наурызда Санкт-Петербург - Алматы рейсімен ұшып келді. Келген соң ол карантинге емдеуге жатқызылып, талдаулар алынған болатын. Бірінші талдау теріс нәтиже берді.

"Бір рейсте жақын жерде отырған жолаушының диагнозы оң нәтиже беруіне байланысты, оны 14 күн карантинге жатқыздық. 8-ші күні карантинге қайта талдау алынғанда нәтиже оң болды. Пациенттің жай-күйі қанағаттанарлық, аурудың жеңіл ағымы ретінде бағалануда. Екінші әйел - бұл бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болғандардың бірі, 57 жастағы әйел. Жай-күйі - қанағаттанарлық", - деп жазылған қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Қазір Алматыда инфекциялық стационарда (1 облыстық) КВИ жұқтырған 96 пациент бар, оның ішінде 4-уі бала. 72 науқастың жай-күйі - қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы өте ауыр, 4 адамның жағдайы - ауыр, 18 ересек адамның жай-күйі - ауырлығы орташа дәрежеде (1 облыстық).

Басқарманың хабарлауынша, бүгін жазылып шыққан үш адамның екеуі Ыстамбұл - Мәскеу рейсімен, біреуі Берлиннен Мәскеу арқылы Алматыға келген.

"Бүгін тағы үш пациент жазылып шықты, оның ішінде 1993 және 1985 жылы туған екі әйел және 25 жастағы жігіт. Бірінші әйел 13 наурызда Берлин - Минск - Алматы чартерлік рейсімен, екінші әйел 23 наурызда Ыстамбұл - Мәскеу рейсімен және үшінші адам 26 наурызда Ыстамбұл - Мәскеу рейсімен ұшып келген", - деп жазылған хабарламада.

Мегаполисте пациенттердің саны 26. Провизорлық госпитальдерде 301 адам, оның ішінде 34 бала бар. Карантин оқшаулауда 388 азамат (41 бала) жатыр, үйде - 5217 адам.

Еске салайық, елімізде 764 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың ішінде 60 адам айықты, 7 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!