1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда коронавирусқа қарсы тағы бір "бірегей" сусынға сұраныс артты

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елімізде қауіпті індет басталғалы саумал сататын кәсіпкерлердің саудасы қызып тұр. Бие баудың басында тұрғындар сағаттап кезекке тұрып, сауған-сауған күйінше тауысып ішіп кетіп жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

"Адамдар сусынның бірегей және емдік қасиеттері бар деп санайды", - делінген телеарна сюжетінде. 

Әр биені тез сауып, қоя бермесе желіде тыпыршыған құлын маза таптырар емес. Бие өте талғампаз жануар. Сырт көз, бөтен иіс болса, иімей қоюуы да мүмкін.

"Саумалды мына жерге келіп, жылы кезінде ішсе әсері көбірек болады. Мысалы, тамақты суық күйінде ішкеннен гөрі жылыдай ішкен дәмді ғой. Міне, дәл сол сияқты. Бұндай сусынды тоңазытқышта сақтауға, микротолқынды пешке жылтуға болмайды", - деді кәсіпкер Айдар Ихан.

Саумалдың қауіпті індетті жеңуде пайдасы мол екенін мамандар да растап отыр. Қазақ Тағамтану академиясының Президенті Төрегелді Шармановтың айтуынша, бір жылдары туберкулез дендеген шақта, оның емі болар бірде-бір дәрі табылмаған. Сол кезде ғалым инфекциялық ауруды қымызбен жеңуге болатынын дәлелдеген.

"Оларды құртуға, ауруға төтеп беруге күші жағынан ешқандай салыстыруға келмейтін сусынның бірі - қымыз бен шұбат. Сондықтан оның пайдасын айтқанда да еселеп пайдасы күшті. Оның құрамы өте құнарлы, ғылыми жолмен дәлелденген қымызға ештеңе жетпейді", - деді Қазақ тамақтану академиясы президенті Төрегелді Шарманов.

Әлі күнге дейін көпшілік ауруға ем, сауға қуат беретін шұбат пен қымыздан гөрі газдалған шырындар мен көпіршіген сусындарға үйір. Дегенмен, жақсы қымыз болса, іздеп жүріп ішетіндер де бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!