27 сәуір 2021 | 16:53

Алматыда коронавирустың даниялық штамы бар-жоғы тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Коронавирус жұқтырған алматылық науқастардың сынамасын Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары тексереді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматыда даниялық коронавирус штамының бар-жоғы тексеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Жандарбек Бекшин бұған дейін зерттеу жүргізілгенін, оның барысында зерттеу үшін алынған сынамалардың 78 пайызынан "ұлыбританиялық" штамм анықталғанын айтқан еді. Сондай-ақ, "бразилиялық" және Оңтүстік Африка коронавирус штамдары болған.

"Біз келесі аптада 1000 сынаманы зерттеуді жоспарлап отырмыз, мутацияны анықтаймыз. Мутацияланған штамм ішінен "ұлыбританиялық", "даниялық", "бразилиялық" және Оңтүстік Африка штамдарын нақты анықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл қоздырғыштардың ерекшелігі жұқпалығы және қысқа инкубациялық кезеңінде. Мутациялар жас топқа бағытталған. Науқастардың саны наурызда 90 пайызға, ал қаңтарда науқастардың жалпы санының 73 пайызына жетті", - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін Бекшин Алматыда коронавирус бойынша жағдай пессимистік болжам бойынша өрбіп келе жатқанын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети