27 сәуір 2021 17:06

Алматыда зираттар 1-10 мамыр аралығында жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабылады. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабылады. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жаппай адам жиналатын жерлерді шектеуге тырысамыз. Көп адамдар зираттарға баратынын білеміз. Былтыр жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруға тура келген. Биыл жағдай күрделене түседі, өйткені мутацияланған штамдар бар, үнді штаммының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырады. Мен қала тұрғындарынан ата-ана күнін неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстыруды сұраймын. Зираттар 1-10 мамыр аралығында жұмыс істемейді. Біз дәл осы күндері зираттарға баруды шектеу туралы шешім қабылдаймыз", - деді Бекшин.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада локдаун енгізу туралы сұраққа жауап берген болатын. Ол Алматыда коронавирус таралуы пессимистік болжам бойынша жүріп жатқанын да хабарлады. Сондай-ақ, қалада коронавирустың даниялық штамы бар-жоғы тексеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети