Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды, бірақ омикрон емес - Бекшин

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды, бірақ омикрон емес - Бекшин Сурет:elements.envato.com

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсанның басында коронавирус жұқтырған науқастардан алынған сынамалардан "дельта плюс" штамы табылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсанның басында коронавирус жұқтырған науқастардан алынған сынамалардан "дельта плюс" штамы табылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Бекшин желтоқсанның басында Алматыдан Нұр-Сұлтандағы зертханаға жіберілген 84 сынама ішінде секвенирлеу әдісімен тексеру нәтижесі бойынша алты сынамада "дельта плюс" нұсқасы анықталғанын мәлімдеді.

"Бұрын "дельта" штамының бұл нұсқасын анықтаған жоқпыз, бірақ күдіктендік. Қыркүйектен қазанға дейін науқастарда диарея жиі байқалды. Қараша-желтоқсанда клиникалық белгілер өзгеріп, нейротоксикалық белгілер пайда болды. Ол кезде дене қызуының жоғарылауы, комаға түсуге дейін науқас жағдайының нашарлауы, жадының әлсіреуі, мидың қабынуы байқалады. Сынамалар бар болса, белгілі бір штамның пайызы туралы зерттеу жүргіземіз. Бүгінде омикронға сынама жоқ, өйткені бұл жақында табылған инфекция", - деді Бекшин.

Алматы қаласы бас санитария дәрігерінің айтуынша, ауру жұқтырғандар арасында "дельта" штамы, "дельта плюс" және омикрон нұсқаларының үлес салмағын кейінірек, арнайы сараптамалар алынғаннан кейін анықтауға болады. Енді штамның болуын тек секвенирлеу арқылы анықтауға болады. Осы аптада Алматы қаласының санитарлық қызметі алыс-жақын шетелдерден келгендер арасынан сынама жібереді, бұл сынақтар нәтижесі кейінірек белгілі болады.

Еске салайық, брифинг барысында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон толқыны сөзсіз келетінін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети