23 желтоқсан 2021 13:45

Алматыға омикрон штамы келетіні сөзсіз - Бекшин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sky.com Фото: sky.com

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон толқыны сөзсіз болатынын айтып, алматылықтарды екпе алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон толқыны сөзсіз болатынын айтып, алматылықтарды екпе алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин халық көп жиналатын орындарға бармауды, мерекені отбасымен тойлауды ұсынды.

"Жаңажылдық мереке коронавирустың таралуына себеп болмауы керек", - деді ол.

Бас санитария дәрігер мегаполисте ұжымдық иммунитеттің деңгейі 58,4 пайыз екенін, адамдар толық вакцина алмайынша, мегаполисте мутацияланған штамдардың пайда болу қаупі артатынын ескертті.

Бекшиннің болжамы бойынша, Алматыда омикрон штамының толқыны сөзсіз болады.

"2022 жыл қаңтардың ортасында "дельта" штамын ығыстыратын омикрон штамы келеді деген болжам бар. Бесінші толқын биыл наурыздың ортасында шарықтау шегіне жетеді", - деді ол.

Бекшин омикрон штамының алдын алу үшін қорғаныстың тиімділігін 50 пайызға арттыру керек деді. Ол үшін тұрғындарға ревакцинацияны жеделдету қажет деп санайды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін растады.

"Қазір тәулігіне 30-35 жұқтыру жағдайы тіркеледі, бірақ бұл босаңсуға себеп емес. Омикрон штамы бүкіл әлемде тез таралып жатыр, қазірдің өзінде әлемнің 106 елінде анықталған. Тіпті ұжымдық иммунитет жоғары елдерде анықталды. Жаңа нұсқадан толық қорғау үшін вакцинацияның толық курсы қажет. Ревакцинация да ұсынылады", - деді Бекшин.

Ол қалада шетелден келетіндерге қатысты профилактикалық шаралар күшейтілгенін айтты. Оның айтуынша, 3-20 желтоқсан аралығында Алматыға 50 мыңға жуық адам келген, оның ішінде 29,7 мыңы ПТР талдауымен, 20 мыңы вакцинация паспортымен, оның ішінде омикрон штамы тіркелген елдерден келгендер 2300 адам.

"Барлық келген азамат бір апта бойы оқшауланды, толықтай медициналық бақылауға алынды. Олардың ішінде 5 науқаста КВИ анықталды, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Айтпақшы, жолаушылардың 90 пайызға жуығы Германиядан, Мысырдан, Ұлыбританиядан келді", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети