20 наурыз 2020 15:29

Алматыда қоршауға алынған үйдің маңындағы бизнес-орталықта адамдар эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Гоголь көшесінде қоршауға алынған үйдің маңындағы бизнес-орталықтың келушілері эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы сол орталықта кеңсе жалдап отырған компанияның қызметкері айтты.

Алматылық Еленаның айтуынша, эвакуация туралы сағат 10.20-да хабарланған.

"Біз Гоголь көшесінде орналасқанбыз. Бүгінге дейін бізге үйден жұмыс істеуге рұқсат бермеді. Міне, енді осындай жағдай. Бүгін бізді екі минутта эвакуациялады. Кейін Гоголь-Қонаев көшесінде коронавирус жұқтырған науқастың бар екені анықталды. Басшылықтағылардың айтуынша, ғимараттарды қоршауға алатын полицейлер біз жаққа келген. Сондықтан бізді эвакуациялаған", - дейді алматылық.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда екі үйдің қоршауға алынғаны хабарланған еді. Гоголь 75 және Қонаев 51 мекенжайындағы үйлер жабылған болатын. Куәгерлердің айтуынша, үйді Ұлттық гвардия сарбаздары мен полицейлер қоршауға алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети