Алматыда жекеменшік автопарктердің біріне тиесілі автобуста "Оңай" терминалы бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы қалалық транспорт холдингі" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, терминал құны 232 873 теңге.

"2015 жылдың 1 қарашасында "Транспорт картасы" ЖШС қызметкерлері терминалдардың бірінің жұмысқа жарамсыз екенін анықтады. Оқиға "Киікбай" ЖШС-ға тиесілі 13-ші маршруттағы автобустың салонында болған. Validator CVB24 master механикалық тұрғыда бұзылып, LCD-дисплейі сындырылған, құрылғы жұмыс істеуге жарамсыз", - деді баспасөз қызметі.
Құрылғының сақталуына жауапкершіліктің тасымалдаушыларға жүктелетіні айтылды. "Осы мақсатта құрылғыны қабылау-тапсыру туралы актіге қол қойылып, жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктерге материалдық жауапкершілік жүктелді", - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап қаладағы барлық қоғамдық көлікте "Бірыңғай көлік картасы" жүйесі іске қосылды. Төлем жасаудың жаңа жүйесі арнайы есептегін құрылғылары мен жолақы карт-билеті. "ОҢАЙ!" төлем картасын арнайы терминалға қою керек. Жол жүру ақысы автоматты түрде есепшоттан алынып отырады.