12 мамыр 2023 15:09

Алматыда курьер тұрғынның тапсырысын жеткізбей, жоғалып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © kolesa.kz Фото © kolesa.kz

Алматының тағы бір тұрғыны курьерден жап-жаңа AirPods құлаққаптарына тапсырыс бергенімен әлі ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының тағы бір тұрғыны курьерден жап-жаңа AirPods құлаққаптарына тапсырыс бергенімен әлі ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға өткен жазда болған, бірақ бұл туралы жақында ғана белгілі болды. Затты алып, тапсырыс берушімен бірақ байланысқа шықпай, орналасқан жерін телефоннан өшіріп тастаған алматылық курьермен болған оқиғадан кейін редакцияның WhatsApp-нөміріне 29 жастағы Мәдина Қожанова хабарласты. Ол тапсырыс жеткізушінің құрбаны болғанын айтты.

"Мен өте қиын өмірлік жағдайға тап болдым және көмек сұрауға мәжбүрмін. 2022 жылдың 5 шілдесінде кешке 17:20 шамасында мен "Яндекс" арқылы жеткізуге тапсырыс беруді шештім. Курьер тапсырысты қабылдап, "ЦУМ" сауда орталығынан сатып алған (жүз бір мың теңге тұратын) AirPods Pro құлаққаптарын алып, үйіме әкеліп беруі керек еді.

Курьерге қоңырау шалғаннан кейін 30 минуттан соң ол телефонын өшіріп, жоғалып кетті. Сатушы курьерге құлаққапты тапсырдым деп отыр. Бірақ ең қызығы, оның айтуынша, бір сағаттың ішінде оған досы – көршілес "Мегатау" сауда орталығының сатушысы хат жазып, жігіттің құлаққапты сатушы берген кепілдік талонымен сатпақ болғанын айтқан", - дейді қыз.

Қожанова сол күні полицияға арыз жазған. Алайда оның арызы бойынша әлі нәтиже жоқ.

"Мен Алмалы аудандық полиция бөліміне курьерге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз жолдадым. Олар дер кезінде және тиісті түрде тіркеп, Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бабы бойынша іс қозғады, яғни курьердің қылмыстық әрекетін дұрыс саралады.

Бірақ осы күнге дейін алдын ала тергеуге жауапты тергеуші бірде-бір тергеу әрекетін жүргізген жоқ. "Яндекс" өз кезегінде тауардың ұрланғанын және бүлінбегенін айтып, құлаққаптың ақшасын төлеуден бас тартып отыр", - деп атап өтті алматылық.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы түсініктеме алу үшін полицияға жүгінді. Кейін полицейлер түсініктеме берді.

"Азаматшаның арызы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тапсырыс жеткізуші анықталды. Ол қылмысқа үшінші тұлғаның қатысы болуы мүмкін екенін айтты. Қазіргі уақытта оның уәждері тексерілді. Криминалдық полиция қызметкерлері осы тұлғаны анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

ҚР Конституциясының 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу ісіне байланысты жария етілмейді. Конституцияның 77-бабының 3-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес құқық бұзушылық жасауға кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп танылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы жеткізу қызметіне иелік ететін Yandex Go компаниясынан Мәдина Қожанованың мәселесіне байланысты пікір алдық.

"Талдаулар жүргізіліп жатыр және әзірге нәтижелер белгісіз. Компанияның қолдау қызметі тұтынушылармен әр кез байланыста", - деп жауап берді.

Еске салайық, тағы бір алматылық анасының туған күніне "Яндекс" арқылы 59 000 теңге тұратын жаңа AirPods құлаққаптарына тапсырыс бергенін айтқан. Алайда курьер ЦУМ сауда үйінен тауарды алып кеткенімен, тапсырыс берушіге тауары жетпей жоғалып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети