26 қаңтар 2023 15:31

Алматыда құтқарушылар қолы еттартқышта қалып қойған ер адамды құтқарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда құтқарушылар еттартқыштан ер адамның қолын алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда құтқарушылар еттартқыштан ер адамның қолын алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

42 жастағы ер адам котлет шығаратын цехта жұмыс істеген. Ол еттартқышқа ет салып жатқанда қолы қысылып қалған. Аппарат үздіксіз жұмыс істегендіктен, ер адам қолын тартып үлгере алмаған.

"2023 жылдың 26 ​​қаңтарында құтқарушылардың кезекші бөліміне осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 7 құтқарушыдан тұратын жедел топ дереу шығып кетті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамның қолын еттартқыштан шығаруға кірісті. Психолог-құтқарушы психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети