24 шілде 2018 09:18

Алматыда қылмыс ең көп жасалатын аудандар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото prodengi.kz Фото prodengi.kz

Алматы Қазақстанның ең қылмыстық қаласы атанды. Алматыда жылдың басынан 33,5 мың қылмыс тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы Қазақстанның ең қылмыстық қаласы атанды. Алматыда жылдың басынан 33,5 мың қылмыс тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында жарияланған қылмыстық карта бойынша, ең қауіпті аймақтар болып Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана және Алматы танылды.

Жыл басынан бері Алмалы ауданында 7 604 қылмыстық іс тіркелген. 

Одан кейін Әуезов ауданы 5 565 дәйекпен тіркелсе, Бостандық ауданында жылдың басынан 5 245 құқық бұзушылық тіркелді. 

Орта есеппен санағанда да қылмыстық істер бойынша ең қауіпсіз аудан Наурызбай ауданы атанды. Жылдың басынан ол ауданда 1 323 құқық бұзушылық жасалған. 

Алматының жергілікті полиция бөлімінің мәліметінше, қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күнделікті екі мыңнан аса полиция қызметкері мен әскери қызметкерлер жұмыс істейді.

2017 жылдың соңында хабарланғандай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер орган қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттен 11,417 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 1.07 миллиард теңгесі Алматы қаласына.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек, қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап етті

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети