07 ақпан 2017 19:41

Алматыда қырғыз көліктері жаппай тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қырғыз мемлекеттік нөмірі бар көліктерге тексеріс жүргізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері хабарлады.


Алматыда қырғыз мемлекеттік нөмірі бар көліктерге тексеріс жүргізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері хабарлады.

Ведомстводағылар Қазақстан территориясында Қырғыз Республикасында тіркелген көлік құралдарын жүргізушілерге қатысты тексерістің қандай болатыныны айтып берді. 

"Қырғыз Республикасында тіркелген көліктердің көптеп келіп жатқанына байланысты Алматы қалалық ішкі істер департаменті қалалық Мемлекеттік кірістер департаментімен және қалалық прокуратурамен бірлесіп, Қырғыз Республикасында тіркелген көліктерді жүргізіп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтау және олардың көліктерін уақытша сақтау қоймаларына қою, сонымен қатар, бұл азаамттарды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тұрақты түрде жүзеге асырылып отыратын шаралар жоспарланып отыр", - деп хабарлады Алматы МКД өкілдері.

Айтуларынша, соттың немесе кеден органының қырғыз нөмірлерін жүргізетін жүргізушілерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бұл көліктер ҚР "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" заңға сәйкес, кеден мағлұмдауына жатады. Сондай-ақ, кедендік төлемі жасалуы тиіс. 

"Алайда ұсталған көліктер кедендік декларацияны жүзеге асыруға құзыры бар адамдарға кедендік декларациялануы мен кедендік төлемдерді жасамайынша берілмейді. Бұл көліктерге кедендік декларациясы жүзеге асырылмаған жағдайда, мұндай көліктерді кеден органдары "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" заңға сәйкес ұсталады", - деп хабарлады МКД өкілдері.

Сонымен қатар, осыған дейін қырғыз нөмірін таққан 306 шамасында көліктің жедел-алдын ала шараларының нәтижесі бойынша ұсталғаны хабарланып отыр. Бұл көліктерді жүргізгендер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 44 көлік уақытша сақтау қоймасына қойылған, жеті көлік соттың шешімі бойынша мемлекеттің пайдасына тәркіленген 

Осыған байланысты департамент өкілдері Қазақстан территориясында Қырғызстан азаматтары тіркеген көліктерді уақытша беру мүмкін емес екенін ескертіп отыр. Яғни ЕАЭО территориясында тұратын жеке тұлғаларға мұндай көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети