14 сәуір 2023 10:14

Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындарына лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізілетіні туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғындарына лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізілетіні туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығу 14 сәуірде Розыбакиев, 247 "А" мекенжайындағы "Мега Алма-Ата" сауда орталығында өтеді.

Жаттығулар барысында адам көп шоғырланатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп төнген кезде өзара әрекеттесу дағдыларын пысықтайды.

"Жаттығу кезінде шектеулер қарастырылады. Осыған байланысты біз азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз", - делінген Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, алматылықтарға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети