23 қараша 2018 | 09:12

Алматыда липосакциядан кейін қайтыс болған әйелдің оқиғасы: Хирург кінәні басқаға жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда липосакциядан кейін қайтыс болған әйелге ота жасаған хирург қайғылы жағдайға кімнің кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда липосакциядан кейін қайтыс болған әйелге ота жасаған хирург қайғылы жағдайға кімнің кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Хирург Дмитрий Писарев сотта отаның сәтті өткенін айтты. Әйел ештеңеге шағымданбаған, өзін жақсы сезінген. Бірнеше сағаттан соң хирургты клиникаға шақырып, әйелдің жағдайы нашарлағаны туралы хабарлаған. Писарев клиникаға келгенде әйел ес-түссіз жатқан. Ол әйелдің жүрегіне массаж жасап, қолдан дем алдырған, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. 

"Мен Агамырадованың өліміне жансақтау бөліміндегілердің дұрыс көмек көрсетпеуі себеп болды деп санаймын. Сол кезде онда кезекші реаниматолог болуы тиіс еді, себебі ол бөлімде науқастар жатыр. Осыған дейін ота жасалған адамдарда да  майлы эмболия асқынып кетуі мүмкін еді", - дейді хирург.

Қайтыс болған әйелдің туыстары әйелге липосакция жасау алдында оны толықтай тексерістен өткізбей ота жасады деп айыптап отыр.

"Дәрігер өзі барлық жауапкершілікті алды дегенді білдіреді. Ол реаниматолог әрі анестезиолог және хирург. Ол отаны қалай жасау керектігін өзі шешті. Мен соттың оны айыпты деп тануын сұраймын. Себебі ол кінәлі, меніңше, бұл оның кінәсі", - деді қайтыс болған әйелдің әпкесі.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2016 жылдың қаңтарында болған. Қайтыс болған әйел 33 жаста еді. Оқиғаның 29 қаңтарда "Ольги Рубас эстетика орталығында" болғаны анықталды. Дәрігерлер Украинаның 33 жастағы тұрғыны Дана Агамырадоваға денесінің белгілі бір бөлігінен май алып тастаау үшін липосакция жасаған. Ол достарының кеңесімен БАӘ-ден Қазақстанға арнайы ұшып келген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети