13 сәуір 2016 17:04

Алматыда липосакция жасатқан әйел емханада қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Алматыда липосакция жасатқан әйел емханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда липосакция жасатқан әйел емханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның 29 қаңтарда "Ольги Рубас эстетика орталығында" болғаны анықталды. Дәрігерлер Украинаның 33 жастағы тұрғыны Дана Агамырадоваға денесінің белгілі бір бөлігінен май алып тастаау үшін липосакция жасайды. Ол достарының кеңесімен БАӘ-ден Қазақстанға арнайы ұшып келген екен. Дегенмен операциядан кейін әйелдің жағдайы нашарлай бастаған. Кейін ол "Авторская клиника" емханасына ауыстырылады. Дегенмен әйел сол күні кешке қайтыс болған.

"Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесіне сүйенсек, Агамырадова өкпенің май эмболиясының дамып кетуі салдарынан қайтыс болған. Медициналық орталық қызметкерлерінің әйелдің өліміне қаншалықты кінәлі екені анықталған жоқ. Біз бұл емхананың әлі жұмыс істеп жатқаны үшін наразымыз", - деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Ақмарал Бұралқиева.

Дегенмен, Алматы ІІД өкілдері болған оқиғаға қатысты кешенді сот-медициналық сараптамасының тағайындалғанын айтты. Соның нәтижесі арқылы ғана кімнің кінәлі екені анықталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети