Алматыда ІІМ академиясының жоғалып кеткен курсантының картасынан ақша шешілген. 18 жастағы курсант Ахат Исмагиловты іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Ол оқу орнында қалдырып кеткен ұялы телефонына банк картасынан ақша шешілгені жайлы SMS-хабарлама келген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның анасы хабарлады.

"Алматыда балам жоғалып кетті дегенді естігенде дереу Теміртаудан келдім. Балам металлургтер қаласынан осында оқуға келген. Келе кешкі алтыларда Ахаттың телефонына банк картасынан қаражат шешілгені туралы SMS-хабарлама келді. Баламның телефонын оқу мекемесіндегілер берді", - дейді анасы Татьяна Синева.
Осы SMS-хабарламаның арқасында банкоматтың мекен жайын табу мүмкін болыпты. Бұл Тимирязев пен Манас кқшелерінің қиылысында екен. Бұл ауданның тұрғындарынан сұрастыра келе, іздеушілер Ахаттың осында болғанын анықтаған. Ал Ахат Исмагуловтың анасы жайдан-жай жоғалып кетпеуі керек екенін айтады.
"Бұған дейін осындай жағдай болған емес. ҚР ІІМ академиясында бірдеңе болған көрінеді, бірақ бұл туралы ешкім ештеңе айтпайды. Мен баламны тауып, кенет жоғалуының себебін анықтағым келеді. Баламмен бірге оқыған курсанттар үндемейді. Білім беру мекемесінің басшылығы академиядағы жағдайдың жақсы екенін айтады", - дейді анасы.
Еске салайық, Ахат Исмагиловқа 2016 жылдың 23 қарашасында күндіз іздеу жарияланған болатын.
Кімде-кім қандай да бір мәліметі болса, көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз - +77072526100, +77052744524.