14 маусым 2021 13:23

Алматыда мектеп алдында маскасыз жүрген адамдар видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда мектеп маңында бетпердесіз жүрген бір топ адам видеоға түсірілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кадрларды тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда мектеп маңында бетпердесіз жүрген бір топ адам видеоға түсірілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кадрларды тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырман Алматы мектептерінің бірінің маңында жүрген адамдардың видеосын жіберді. 

"Ташкент-Баумандағы мектептің маңынан өтіп бара жатқанмын. Іс-шара болып жатыр, барлығы дерлік маскасыз жүр", - деді оқырман.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов жағдайға пікір білдірді. 

"Алмалы ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мониторинг тобымен бірге осы мектепте карантиндік шектеу талаптарын бұзу дерегі бойынша тексеруді ұйымдастыру мәселелерін пысықтау тапсырылды. Мектеп әкімшілігіне қатысты шаралар қабылданады", - деді ол.

Кейін бұл аттестат табыстау рәсімі екені белгілі болды.

Еске салайық, 12 маусымда Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймаққа өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети