27 желтоқсан 2016 18:34

Алматыда мектеп жиналысын видеоға түсірген әйел сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны Сәуле Волкованы қызының сыныптастарының ата-аналары мектеп жиналысында түсірілген видеоны Youtube хостингіне жүктегені үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны Сәуле Волкованы қызының сыныптастарының ата-аналары мектеп жиналысында түсірілген видеоны Youtube хостингіне жүктегені үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуле Волкованың үстінен алты ата-ана сотқа шағымданған. Олар одан 1 миллион 300 мың теңге сомасында қаражатты моральдық шығын ретінде өндіріп алмақшы екен. Өз арызында олар Волкова "абыройы мен намысын қорлайтын мәліметі бар видеоны Youtube желісіне жүктеген" деп жазған, сонымен қатар, WhatsApp мессенджеріндегі хат алмасу кезінде №68 мектебінің 2 "Б" сынып оқушыларының аты-жөндері көрсетілген тізім жарияланған делінеді. Ал балалардың аты-жөнін жазуға ата-аналар Волковаға рұқсат бермегенбіз дейді.

"Нәтижесінде шағымданушылар құса болғанын, балалардың өміріне қауіптенген еді, жауапкердің өз мақсаттары үшін балалардың аты-жөндерін қолдануына ашуланады. Балалар да ұялып, жағымсыз күйге түсіп, мектепке барғысы келмейді", - делінген арызда.

Арызданушылардың мүддесін қорғайтын адвокат жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

"Интернетте мәлімет онсыз да көп. Жетер. Пікір айтпаймын. Қазір айтылып жатқанның өзі жеткілікті. Мұндай мәліметтерді таратудың қажеті жоқ. Тоқтатыңыздар!", - деді Tengrinews.kz тілшісіне арызданушылардың адвокаты Асель Махметова.

Арыз түсіргендердің бірі, Кира Бойконың анасы Оксана Бойко да көп сөйлемеді. 

"Ол арыз бен шағымдарын Білім министрлігіне 6-8 рет жіберіп үлгерді, шара қолдануын сұрап жатыр. Менің қызыма бөтен бір кісілер келіп, "Мынау сенің телефоның ба?" деп сұрап жүр екен. Бұл жағдай шынымен болған. Міне, осындай мәліметтер", - дейді Оксана Бойко.

Сәуле Волкованың өзі сотқа келмеді. Оның өкілдері видеоны нақты кімнің Интернетке жариялағаны дәлелденбегенін айтып отыр. Ал шағымданушылар Волкованың өзі осы әрекетті жасағанын мойындайтынын, мұны дәлелдей алатын куәгерлердің бар екенін айтып отыр.

Сәуле Волкованың үстінен тағы бір арызды басқа сыныптың оқушысы Евгений Халиннің әкесі беріпті. Ол Волкова түсірген видеода өз баласының бар екеніне наразы.

"Салдарынан мен азап шектім: балам үшін қорықтым, тітіркендім, ашуландым, жағымсыз әсер алдым", - деп жазған Халин арызында.

Ер адам Волковадан моральдық шығын ретінде 100 мың теңге өндіргісі келіп, жазбаны интернеттен өшіруін талап етіп отыр.

"Видеода баланың бетін көрсетпей, көлегейлеген. Бала видеода екі секундқа ғана пайда болады, беті көрсетілмеген, видеоның екінші жартысында ол басын төмен салып, кетіп бара жатады, оның кім екенін анықтау мүмкін емес. Ролик авторы видеодағы адамдардың барлығының бетін көрсетпей жасаған. Біздің ойымызша, заңның барлық талабы орындалған", - дейді жауапкердің адвокаты Жанна Оразбахова.

Оның айтуынша, сотта видеоны Youtube-қа кімнің салғаны әлі анықталмаған. 

"Сәуле Волкова видеоның авторы екенін мойындап отыр, себебі ол оны өз ұялы телефонына түсірген. Даусы да естіледі. Ол осы жиынға қатысқан", - деді жауакердің өкілі Салтанат Ділманова.

Сот сараптама тағайындады, оның қорытындысында Халиннің баласы видеода бар ма, жоқ па - анықталады.

Сәуле Волкова №68 гимназиясында жемқорлық бар деп мәлімдеген. Youtube хостингінде ата-аналар мен Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері бар түрлі видеолар жарияланды. Осы оқиғадан кейін гимназияда фото мен видео түсіруге тыйым салынатыны жайлы ескерту тақтайшасы пайда болды. Волкованың арыз-шағымдарынан кейін білім беру мекемесінің директоры қызметінен кеткен еді, ал сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети