06 маусым 2020 13:35

Алматыда мектеп түлектері қауіпті кортеж ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда мектеп бітіруші түлектер қауіпті кортеж ұйымдастырды. Көлік жүргізушілері жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда мектеп бітіруші түлектер қауіпті кортеж ұйымдастырды. Көлік жүргізушілері жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлектер Медеуге бара жатқан. Instagram-дағы @Kris_p_Almaty парақшасына кортеж видеосы жарияланды. 

Кадрларда автокөліктердің жүріп жатқанына қарамастан терезеден беліне дейін шыққан қыздар мен жігіттер көрінеді. 

"Құқық бұзушылық Медеу ауданында болды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған, түлектер отырған үш көлік жүргізушісі анықталды. Ауыр салдар кездейсоқтық арқасында ғана болмағанына сенімдімін. Олар әкімшілік жауапқа тартылды", - деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Бұған дейін осындай әрекеті үшін Маңғыстауда кортеж жүргізушілері жауапқа тартылған болатын. Ал Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер облыс әкімдігі ғимаратының жанындағы бетон қоршауды соқты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети