09 маусым 2018 18:22

Алматыда менингококк бойынша жаңа жағдай тіркелген жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың 9 маусымындағы жағдай бойынша Алматыда менингококк инфекциясы тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылдың 9 маусымындағы жағдай бойынша Алматыда менингококк инфекциясы тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Cондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 60 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай. Оның 13-і өліммен аяқталған: Алматы қаласында - 6 жағдай, Алматы облысында - 4 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 жағдай және Қызылорда облысында - 1 жағдай.

Министрлік өкілдері жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұрғанын айтты.

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін —жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. Инфекция көзі ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар» болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық кезеңділігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде сырқаттанушылық өте жоғары.

Инфекцияның берілу жолы - ауа-тамшы арқылы (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның организміне науқас немесе тасмалдаушы адаммен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы арқылы енеді. Жұқтырған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас аурудың алғашқы күнінен бастап айналадағы адамдар үшін жұқтыратын адам болып саналады.

Иммундық жүйесінің қалыптаспауына байланысты 5 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады – бұл жастағы адамдар көптеген тәуекел факторларының үйлесімділігімен адамдардың тығыздығы, темекі шегу, жалпы сусындармен және т.б. ерекшеленетін сауықтыру орындарында көп уақыт өткізеді.

Менингит кенеттен басталады: күтпеген  жерден катты бас ауыруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40 градусқа жетеді, қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Аурудың тұмау, баспа, тонзиллит және т.б. сияқты зиянсыз ауруларға ұқсап, жеңіл өтуі мүмкін екенін ескеру қажет, және сондықтан өте қауіпті. Қатты тоңу, сырқаттану, қажу тудырған организмнің қорғаныш күшінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай туындаған кезде  менингококк бас миының қабығына енеді және қабынуды тудырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети