02 қазан 2015 | 16:23

Алматыда Момышұлы көшесі жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Жұма күні кешке Алматыдағы Момышұлы көшесі жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жұма күні кешке Алматыдағы Момышұлы көшесі жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, 2 қазанда, кешкі сағат 21.30-да көшенің қаланың шығысындағы бөлігі жабылады. Билік мұндай жағдайға метроға жақын маңда газ құбырларының алынуына байланысты барып отыр. "Момышұлы көшесі солтүстік бағытқа қарай, Абай көшесінен Волгоградскаяға дейін жабылады", - деп жазылған хабарламада.

Жұмыстар 3 қазанда, сағат 23.30-да аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері 2015 жылы Алматы метросының бірінші желісінің екінші кешенінің құрылысы жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Жерді сатып алу және тәркілеу жұмыстары жоспарланған. Жол Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Алтынсарин даңғылының бойында Яссауи көшесіне дейін жалғасады. Бұл "Сарыарқа" және "Достық" станциялары болмақ. Еске сала кетейік, 2012 жылы метроны күніне 16 мың адам пайдаланған. 2014 жыл бұл көрсеткіш 25 мыңға дейін өсті. Алматы метросы 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жұмыс істеп тұр. Алматы метрополитені 2011 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілді. Бірінші желіде жеті станция іске қосылды: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алматы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы драма театры", "Алатау".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети