10 қыркүйек 2020 14:46

Алматыда мұғалімдер мен оқушыларға 50 мыңнан аса компьютер берілді - әкімдік

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мұғалімдер мен оқушыларға 50 мыңнан аса компьютер берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мұғалімдер мен оқушыларға 50 мыңнан аса компьютер берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол елімізде коронавирус инфекциясының тарауына байланысты 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушылар қашықтан оқыту форматында білім алып жатқанын атап өтті.

"Білім басқармасы компьютері жоқ балаларды техникамен қамтамасыз ету үшін тиіс жұмысты жүргізіп жатыр. Осы жылдың 10 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, барлығы 51 720 компьютер берілді", - деді басшы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда Қайрат Жұманов компьютердің қалай сатып алғанын түсіндірді.

"Жан басына қаржыландыру бойынша 9 120 ноутбук, жергілікті бюджет есебінен 22 212 планшет, 11 042 компьютер сатып алынды. 11 042 компьютердің 2 мыңы тиіс жерге жеткізілді. Қалған 9 мың компьютер 15 қыркүйекке дейін жеткізіледі. Сондай-ақ, 38 591 компьютер Үкіметтің резервтік қоры есебінен сатып алынып, 18 388 компьютер мен ноутбук жеткізілді. Қалған 203 планшет пен 15 мың ноутбук 15 қыркүйекке дейін жеткізіледі", - деді ол. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети