08 маусым 2018 17:30

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар тегін емделе алатын орталық ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ЖОО баспасөз қызметінен Сурет ЖОО баспасөз қызметінен

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде "Дара" психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды. Орталықта 7 жасқа дейінгі жарымжан және мүгедек сәбилер мен жеткіншектер емделіп, емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап. Бұл қызметтердің барлығы да тегін көрсетілмек. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде "Дара" психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды. Орталықта 7 жасқа дейінгі жарымжан және мүгедек сәбилер мен жеткіншектер емделіп, емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап. Бұл қызметтердің барлығы да тегін көрсетілмек. 

Балаларға тифлопедагог, логопед, дефектолог, психолог, дене шынықтыру мамандары қызмет жасайды. Орталықта педагогтармен қатар студенттер де жасөспірімдердің тұрмыстық-әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға көмектесіп, оларды балабақша мен мектепке дайындайды. Алдағы уақытта орталық қызметін 200-ге жуық бала пайдаланбақ. 

Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, жоғары оқу орындарының басшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Жоба Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен "Дара" жеке Қайырымдылық Қоры және Алматы қаласы білім беру басқармасы арасындағы өзара келісімшарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Мақсаты - инклюзивті білім беру ұстанымдарын іске асыру, Қазақстандағы арнайы білім беруді қолдау, мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету және болашақ педагог мамандарға практикаға бағдарланған білім беруді дамыту.

Орталықтың ашылу рәсімінде Гүлшара Әбдіқалықова орталықтың маңызы туралы атап өтті.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арамыздағы барлық мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау қажет деп айтқан болатын. Олардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Бұл - біздің басты міндетіміз. Қазақстан мүгедектердің құқығын қорғау туралы Конвенцияға қосылып, Елбасы құжатты 2015 жылы ратификацялаған болатын. Бұл шараның маңызы өте зор. 2016 жылы білім және ғылым саласында үлкен бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарламаға сәйкес осындай педагогикалық-психологиялық түзету орталықтарын ашу міндеті қойылды. Республика бойынша бүгінде 176 кабинет ашылған. 2019 жылы олардың санын 220-ға жеткізу жоспарда бар. Елбасымыз айтқандай, балаларға кедергісіз орта жасауда осы орталықтың үлесі зор болмақ", - деді Гүлшара Наушақызы

"Мемлекет тарапынан балаларға ерекше көңіл бөлініп, олардың болашағына әрқашан қамқорлық жасалып келеді. Бұл - ертеңгі күннің табысы. Келешекке салынған инвестиция. Сондықтан да қазақстандық педагогтардың алдында жаңа міндет тұр. Ол - балалардың жеке қабілетін, дарынын, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ дайындау. Университет базасында ашылған "Дара" педагогикалық-психологиялық түзету орталығы мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында адами қасиеттерді қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасамақ", - деді өз сөзінде Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

Оның айтуынша, әлеуметтік әділдік, теңдік, өзара сыйластық пен қамқорлық туралы ниетті тек қана мемлекет емес, азаматтық ортаның өзінің көтеруі - қоғамымыздың кемелденгенін, жаңғырғанын көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети