Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Алматыда наразылық шарасына қатысқандарға айыппұл салынды

17 Ақпан 2014, 14:59
1
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
Алматыда митингтерге қатысқаны үшін 35 адам ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, наразылық шарасының бірінші күні Республика алаңында 30 адам ұсталған. 16 ақпан күні тағы бес адам қолға түсті.

Олардың біреуі 10 тәулікке қамалған, қалғандарына түрлі мөлшерде айыппұл салынды. Ең төменгі айыппұл сомасы - 20 АЕК. Санкцияланбаған шеруге қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың арасында Жанна Байтелова, Ербол Жұмағұлов, Жанар Секербаева, Қанағат Тәкеева, Евгения Плахина, Валерия Ыбыраева, Георгий Архангельский сияқты белсенділер бар.

"Бұлардың бәрі рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін алдымен Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Ұсталғандардың бірі - Әділ Ермеков 10 тәулік мерзімге қамалды", - дейді Қуандық Ешімет.

Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Алматыда наразылық шарасы өткен болатын. Көшеге шыққан адамдар доллар бағамының күрт өсуіне наразылық білдіріп, биліктен әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етті. Кейін жиналғандармен кездесуге шыққан прокурор митингке рұқсат етілмегенін ескертіп, адамдардан тарауды сұрады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай