07 ақпан 2019 08:37

Алматыда "Назар аударыңыздар!" деген дабыл қағылады

Камила Долаева Журналист
© liter.kz

7 ақпан, бейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 12.55-те ескерту жүйесінің техникалық дайындығы тексеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тексеру кезінде "Назар аударыңыздар!" деген бірыңғай ескерту дабылы электр дыбысы арқылы қосылып, телеарна мен радиоларға автомат түрде хабар келеді.

Реклама
Реклама

Алдағы уақытта тексеріс айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12.55-те болады, ал мереке күнге түсіп қалған жағдайда ол келесі бейсенбіге ауыстырылады.

Осыған байланысты департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарын сабырға шақырды.

Сурет: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram