09 сәуір 2024 10:16

Алматыда нөсер жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Святослав Антонов Фото ©️ Tengrinews.kz / Святослав Антонов

Алматыда нөсер жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда нөсер жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

"Алматыда 9 сәуірде сағат 14.00-ден кейін жаңбыр жауады, 16.00-ден кейін нөсерге ұласады, ол 20.00-ге дейін жауады деп болжанған, жауын-шашын 15 миллиметрге дейін жетеді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 320 жұмысшы мен 96 арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жауын-шашын кезінде 52 жедел мобильді топ кезекшілік етеді. 2 мыңнан аса құм салынған қаптар дайындалған. Барлығы 465 арнайы техника, 29 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети