21 қыркүйек 2021 13:23

Алматыда оққа ұшқан полицейлердің отбасына үй беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасыларына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасыларына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді. Сонымен қатар, ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Сурет: Polisia.kz©

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы, 1982 жылы туған, ҚР ІІМ Алматы Академиясының Магистратурасын бітіргеннен кейін 2003 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті. 2021 жылдың тамызында учаскелік инспектор лауазымына тағайындалған еді. ІІО қызмет еткен жылдар ішінде ол 6 марапатқа ие болды, оның ішінде "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Ол 13 марапатқа ие болды, оның ішінде "Үздік құтқарушы жауынгер" және "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгілерімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Бұған дейін Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің бірінің артында бес баласы қалғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети