17 мамыр 2024 | 10:12

Алматыда өртеніп жатқан үйден төрт ересек адам мен бір бала құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда өртеніп жатқан үйден төрт ересек адам мен бір бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда өртеніп жатқан үйден төрт ересек адам мен бір бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 мамырда сағат 12:55-те Медеу ауданындағы Нүсіпбекова көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша Алматы ТЖД күштері жіберілді.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің ванна бөлмесінде 4 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады. Өрт пен түтіннің кесірінен тұрғындардың өміріне қауіп төнген.

"Құрамында аға инженер Жанұзақ Н.Б., бөлім командирі Арупов И., аға өрт сөндіруші-құтқарушы Садыров Н., өртсөндіруші Еркінбай Е., Джусанбаев Д. бар құрам газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі төрт адамды құтқарды, олардың бірі бала. Оның ішінде қозғалу мүмкіндігі шектеулі ер адам болған. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сағат 13:18-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 492.22   522.51   5 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети