10 желтоқсан 2014 12:37

Алматыда пиротехниканы сатуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Alma-ata.alm.olx.kz ©Alma-ata.alm.olx.kz

Алматыда фейерверктер мен шартылдақтарды базарда сатуға ресми түрде тыйым салынды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Енді пиротехниканы арнайы дүкендерден басқа жерде сату заңсыз деп танылады.


Алматыда фейерверктер мен шартылдақтарды базарда сатуға ресми түрде тыйым салынды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Енді пиротехниканы арнайы дүкендерден басқа жерде сату заңсыз деп танылады.

Басылым қала басшылығының Жаңа жыл алдындағы өрт пен жарақаттануға қарсы күрес шараларын күшейтіп отырғанын жазады. Арнайы құрылған комиссия жарты сағаттың ішінде Алматыдағы "Алатау" базарынан бес сатушыны анықтады. Барахолка басшылығы болса олардың контейнерлерді тек жалға беріп жатқанын айтты.  

"Біз өзіміз де сатуға рұқсат бермедік. Иә, пиротехниканың сатылатыны жайлы жарнамасы ілініп тұр. Бірақ біздің контейнерлерді жалға алатын кәсіпкерлер сатуға тыйым салынғанын біледі", - деді "Алатау" базарының басшысы Айдар Пірімханов.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің барлық сауда орындары мен базарларға жаңажылдық отшашу құрылғыларын сатудың заңсыз екенін ескерткен хаты бір ай бұрын жіберілген хабарланып отыр. Алатау аудандық кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы Нұржан Әбділманов пиротехниканы ашық аспан астында сатуға тыйым салынғанын айтады. "Пиротехниканы өрт қауіпсіздігі сақталған барлық жерде сата беруге болады. Алматыда пиротехникалық өнімді сатуға тек үш компанияның сертификаты бар. Ашық аспан астында сатуға болмайды", - деді ол.

Айта кетейік, өткен жылы Жаңа жыл мерекесі кезінде пиротехниканы дұрыс қолданбағандықтан жүзден астам өрт болған еді. Сапасыз фейерверктер мен шартылдақтардан 50 адам жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети