20 сәуір 2021 14:05

Алматыда прокуратура даулы құрылыс учаскелерін тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы прокуратурасынан Фото: Алматы прокуратурасынан

Алматыда құрылыс учаскелерін прокуратура тексереді. Бұл қала тұрғындары наразы болған бірнеше құрылыс нысанына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда құрылыс учаскелерін прокуратура тексереді. Бұл қала тұрғындары наразы болған бірнеше құрылыс нысанына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада басқа нысандарға жақын орналасқан 36 нысан құрылысы анықталғаны көрсетілген. Қазір ол нысандар бойынша мәселелерді шешу жұмыстары жүріп жатыр.

Мемлекет үшін сегіз жер учаскесін сатып алу мәселесі қаралады.

10 нысан бойынша абаттандыру ерекшеліктері мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, құрылысты аяқтау ұсынылған. Бес нысан бойынша бұзылған ғимараттарды қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері қала құрылысының жаңа ережелерін әзірледі. Онда жеке шектеулер қарастырылған. Оның ішінде, қаланың орталық бөлігі мен аула аумақтарында тығыз салынатын ғимараттардың рұқсат етілген биіктігі, тарихи құрылыстың қасбеттерін өзгерту, қаланың тарихи тұлғасын қалыптастыратын нысандарды бұзу және т.б.", - деді прокуратура қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети