02 ақпан 2021 09:30

Алматыда ірі жол апаты болды: 5 автомобиль соқтығысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы ірі жол апаты болып, салдарынан бес автомобиль қирап, екі шырша ағашы сынған. Желіде жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы ірі жол апаты болып, салдарынан бес автомобиль қирап, екі шырша ағашы сынған. Желіде жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде әл-Фараби даңғылындағы жол апатының видеосы тарады. Видеода бірнеше көлік зардап шеккені көрсетілген.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dorogi_almaty_official +21?? (@dorogi_almaty_official)

Алматы қаласы Полиция департаменті өкілдері жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып бірінші қатардан екінші қатарға өтіп, жолай келе жатқан Hyundai Sonata және Hyundai Accent автокөліктерімен соқтығысқан. Артынша жүргізуші екі шыршаны соғып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Сөйтіп, SsangYong және Toyota Camry маркалы көліктерімен соқтығысқан", - деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов. 

Hyundai Elantra жүргізушісі мен Hyundai Sonata-да отырған жолаушы ғана дене жарақаттарын алған. Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети