08 маусым 2021 15:57

Алматыда ірі компания жүздеген ағаш кесті деп айыпталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экобелсенді Салтанат Тәшімова "Шин-Лайн" компаниясын ағаштарды жаппай кесті деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экобелсенді Салтанат Тәшімова "Шин-Лайн" компаниясын ағаштарды жаппай кесті деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Facebоok-тегі парақшасында компания Іле ауданындағы өз аумағында 150 ағашты кесіп тастағанын айтты.

"Шин-Лайн" компаниясын қылмыстық жазалауды талап етеміз. Жаңа ереже бойынша 120-150 ағаш кескендерге қылмыстық жаза қарастырылған! Осы компанияның өнімдеріне бойкот жариялаймын. Неліктен шетелдік компаниялар біздің аумақта осындай жабайылыққа жол береді. (...) Бұл компания кем дегенде 150 ағашты кесіп тастады, жасыл көгалдың орнына жұмысшыларына тұрағы бар шөл жасады. Тұрғындар ыстық күнде аялдамада тұр", - деді Тәшімова.

Өз кезегінде "Шин-Лайн" өкілдері Іле ауданы Байсерке ауылындағы іргелес аумақта ағаш заңды түрде оталғанын және олардың арнайы рұқсаты бар екенін айтты (2021 жылғы 20 сәуірдегі № KZ43VLQ00009799).

"Барлығы 112 дана ағаш пен бұта оталды. Оған өтем ретінде 10 есе көп, 1000 данадан аса көшет отырғыздық. Оның орнын "Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бекітті. 1120 дана жапырақты ағашты Байсерке ауылында орналасқан жалпы ауданы 3000 шаршы метр топырақты жол ауданындағы жер учаскесіне отырғыздық", - деп мәлімдеді компания өкілдері.

2021 жылдың соңына дейін "Шин-Лайн" ЖШС құрылыс учаскесінде тағы 120 ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети