12 ақпан 2024 09:55

Алматыда Райымбек даңғылы бойымен жүретін BRT қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі Райымбек даңғылы бойымен жүретін жүрдек қоғамдық көлік желісі қандай болатынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі Райымбек даңғылы бойымен жүретін жүрдек қоғамдық көлік желісі қандай болатынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі редакция сауалына берген жауабында, қазіргі уақытта Алтын Ордадан Жетісу көшесіне дейінгі көлік тораптарын ұйымдастыру арқылы Райымбек батыр даңғылының реконструкциясы жобасын әзірлеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Жүрдек автобус желілері тек Райымбек даңғылы бойымен өтеді және жол қозғалысын реттеу бағдаршам құралдары арқылы жүзеге асырылатын іргелес көшелермен қиылысқа ғана әсер етеді.

Желінің өзі физикалық жағынан қоршалмайды және көлік құралдары ағынын қоғамдық көліктерден бөліп, жол бойында белгілер қою көзделеді. Алматы цифрландыру басқармасы Алматы қаласы ІІД-мен бірлесіп жол қозғалысын ұйымдастыруды бақылау үшін қосымша "Сергек" камераларын орнатады. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін қосымша бағдаршам нысандары орнатылады.

Жолаушыларға арналған аялдамалар – оң жақ жолақтар учаскесінде – жаяу жүргіншілер жолында орналастырылады.

Жаңартылған жүрдек автобустар желісі бойынша үлкен және аса үлкен класты жылжымалы құрамы бар және орташа аралығы сағатына 4-тен 7 минутқа дейінгі тоғыз жүрдек (магистральдық) маршруттар өтеді деп болжанған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі 2024 жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети