30 мамыр 2017 10:34

Алматыда Республика алаңы қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Республика алаңы аумағындағы жолдар қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Республика алаңы аумағындағы жолдар қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cәтбаев көшесі бойымен Фурманов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында әскери техника тұр. Сондай-ақ, осы аумақта мектеп жасындағы балалар жүр.

Барлық көлік алаңды айналып өтіп жатыр. Осыған байланысты Республика алаңындағы аумақтарда кептеліс байқалады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңа алаңда Балаларды қорғау күніне дайындық жүріп жатыр. 

Алматы әкімдігіндегілер осыған байланысты түсінік берді.

"Білім басқармасындағылар Балаларды қорғау күнін өткізуге байланысты 30 мамырдан 1 маусымға дейін Сәтбаев көшесі, Желтоқсан мен Фурманов көшелері сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін жабық болатынын хабарлайды. Бағыттарыңызды алдын ала ойластыруларыңызды ескерте отырып, колайсыз жағдай туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз", - деді қалалық әкімдіктің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети