15 сәуір 2022 17:52

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметінен Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметінен

Алматыда опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында әйгілі әнші ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, делінген қалалық әкімдік хабарламасында.

Рәсімге Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, мәдениет қайраткері Қуаныш Әбдіқалымов, филолог әрі ақын Аққұштап Бақтыгереева, әншінің туғандары мен жақындары - ұлы Тәжен мен келіні Марал Бағлановтар қатысқан. 

Медеу ауданындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдына биіктігі 4,8 метр қола ескерткіш орнатылған. Осы филармония қабырғасында Роза Бағланова 1949-1960 жылдар аралығында өнер көрсеткен еді. Қола және граниттен жасалған ескерткіштің авторлары - мүсіншілер Д.Ағзамов, У.Ақжолтай, А.Жамхан, А.Қабыл.

Ескерткішті ашу рәсімі барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Роза Бағланованың қазақ халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дамытуға және насихаттауға қосқан баға жетпес зор үлесін атап өтті.

"Біздің ұлы әншіміз Роза Бағлановаға ескерткіш орнату - оның мұрасын құрметтеу және есте сақтау. Ол музыка өнерінің шырқау биігіндегі жарық жұлдыз болды. Оның ерекше дауысы мен таланты біздің халқымыздың баға жетпес құндылығына айналды. Әншінің сүйікті қаласы - Алматыда 100 жылдық мерейтой аясында Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыру үшін ескерткіш орнатқанымызға  шексіз қуаныштымын", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Республика Сарайында "Ақмаңдайлым" атты мерекелік концерт өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети