Алматы әкімдігінің өкілдері "Сайран" автовокзалын қайта жөндеу үшін жер учаскесін өз меншігіне алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Алматы" басылымына сілтеме жасап.
Алматы әкімдігінің өкілдері "Сайран" автовокзалын қайта жөндеу үшін жер учаскесін өз меншігіне алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Алматы" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, мемлекетке жер учаскесі қажет болғандықтан "Алматы-Трейд" Сауда-Инвестициялық компания" ЖШС өкілдерінен Әуезов ауданы, Төле би көшесі, №294а мекенжайы бойынша орналасқан аумағы 0,0908 гектар жерді мәжбүрлі түрде алу туралы шешім қабылданды.
Әкімдіктегілердің сөзіне қарағанда, меншікке алынатын жер "Сайран" автовокзалын жөндеу үшін қолданылады.
Жер учаскесінің 2019 жылдың 31 желтоқсанында меншікке алынатыны айтылады. Сондай-ақ, қалалық билік өкілдері жер иесіне заңнама сәйкес, өтемақы өндіруді тапсырды.
Алматыдағы "Сайран" мен "Саяхат" автовокзалдарының болашағы не болмақ?