28 шілде 2015 14:27

Алматыда селдің салдарын жою мақсатында еріктілердің бірыңғай штабы құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматыда Наурызбай ауданында өткен селдің салдарын жою мақсатында еріктілердің бірыңғай штабы құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда Наурызбай ауданында өткен селдің салдарын жою мақсатында еріктілердің бірыңғай штабы құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бұл зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келетіндер мен еріктілердің жұмыстарын жүйеге келтіру мақсатында ашылды. Штаб базасында азық-түліктерді қабылдап, жұмыс істеуге қажетті құралдарды тарататын және басқа да жұмыстарды ұйымдастыратын сектор ашылды.

"Алматылықтар өте қайырымды, кейбірі зардап шеккендерге алғашқы күннен бастап көмектесіп жүр. Енді штаб тұрғындардың қажеттіліктері туралы ақпарат жинақтап, алдағы күндерге жоспар құрады. Жалғыз тұратын қарияларға көмек қажет. Сондықтан да әрбір алматылық штабқа келу немесе телефон соғу арқылы қандай көмек қажет екенін, керек азық-түліктер мен құрал-саймандардың тізімін біле алады", - деді ішкі саясат басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.

Ұйымдастырушылар зардап шеккендерге көмектесу үшін күніне 300-500 ерікті тартуды жоспарлап отыр. Еріктілер штабы мына мекенжайда орналасқан: Наурызбай ауданы, Қали Надыров көшесі 51 "А", телефон: (727) 3172610.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети