19 желтоқсан 2023 09:36

Алматыда "Сергектер" тағы қандай ережебұзушыларды тіркейтіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz polisia.kz

"Сергек" интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


"Сергек" интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Талдау деректері бойынша, биылғы 11 айда автокөлік астында 556 жаяу жүргінші қаза тапты, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде. Жүргізуші тәртібін арттыру өліммен аяқталған жол апаттарының азаюына ықпал етед", – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес "Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу" тіркеледі. Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.

"Біздің интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтайды. Жаңашылдықтардың бірі – жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу", – деді әзірлеушілер.

Сонымен қатар, интеллектуалды жүйе пилоттық режимде жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарының жолаушыларында бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты заңбұзушылықтарды тіркейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети