04 ақпан 2021 12:30

Алматыда шағымдардан кейін жылу желілерін жоспардан тыс тексеру басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

"Алматы жылу желілері" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Алматы жылу желілері" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтардың жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша шоттар негізсіз және тым жоғары деген шағымдары негізінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді", - делінген хабарламада.

Мамандар табиғи монополия субъектісінің жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін жасалатын төлемдерін мұқият талдалайтыны атап өтілді.

Еске салайық, Алматы тұрғындары жылу тарифінің көтерілгеніне шағымданған болатын. Қала тұрғындары жылу энергиясы үшін баға екі-үш есе өскенін айтқан. 

Ал Алматы әкімдігіндегілер қаладағы жылу энергиясына тариф көтерілмегеніне және түбіртектерде жазылған бағаның өсуі тарифтің көтерілуіне байланысты емес екеніне сендірген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети