09 желтоқсан 2022 08:50

Алматыда шырша шамдарын жағу рәсімі қашан және қайда өтеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі өкілдері қаланың бас шыршасында шамдарды жағу қашанға жоспарланып отырғанын және оның қайда орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі өкілдері қаланың бас шыршасында шамдарды жағу қашанға жоспарланып отырғанын және оның қайда орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік 20 желтоқсанда Абай алаңында қаланың бас шыршасы орнатылатынын хабарлады. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін шамдарды жағу рәсімі мен мерекелік концерт өтеді. Сондай-ақ, қаланың әр ауданында жеке шырша орнатылады.

Қала билігі Алматының дизайн концепциясын әзірлеу кезінде екі жылдық карантин шектеулерінен кейін мерекелік жаңажылдық атмосфераны жаңғыртуды мақсат еткенін қосты. Сондықтан, негізгі мерекелік безендіру элементтерінде жылы түстер басым болады. Қалалық дизайндағы негізгі екпін жеңіл композициялардың бірыңғай стиліне аударылады. Ол қаланың қоғамдық кеңістіктерін біріктіреді, олар да тақырыптық шағын архитектуралық формалармен (ШАФ) безендіріледі.

Қаланың жаяу жүргіншілерге арналған көшелерінде: Панфилов көшесі, Жібек жолы, Абай алаңында ШАФ және фотоаймақтар орнатылады.

Жаңа жылға дайындық жұмыстары Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети