29 сәуір 2020 17:39

Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңге беріледі. Бұл туралы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңге беріледі. Бұл туралы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шаһарда әлеуметтік осал топтарға тиісті көмік беріліп жатыр. Осы орайда ол Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне де қолдау көрсетілетінін айтты.

"9 мамырда Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен бүгінгі күні Алматыда ұлы Отан соғысына қатысқандар және мүгедектерге 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем беру мәселесі ұйғарылды. Бұл көмекке 202 адам ие болып отыр", - деді басқарма басшысы "Алматы" телеарнасында өткен брифингте.

Сондай-ақ Рахат Шимашева 4 мың адамға 100 мың теңге, 14 мыңнан астам адамға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілетінін жеткізді.

"Жалпы 1,3 миллиард теңге көлеміндегі біржолғы төлемге Алматы қаласы бойынша 18 269 адам ие болып отыр", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети